Аудандық байқау » М.Горкий атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"М.Горкий атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834) 4-05-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
май
2017

Аудандық байқау

Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру – оны қазіргі заманға сай білімді, жан дүниесін рухани бай етіп тәрбиелеу сияқты қиыны мен қызығы бірдей іс – ұстаздар еншісіне тиген міндет пен парыз.
Ауданымыздың ұстаздарының еңбегіне баға беріліп, мыңның ішінен жүйрік шығатын кез – жыл сайын өткізіліп отыратын «Жылдың үздік мұғалімі - 2017» байқауы да сәуірдің 27-28 аралығында М.Горький мектебінің базасында болып өтті. Байқаудың басты мақсаты- шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой-өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми – әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау болып табылады.
Байқау 4 кезең бойынша өтті. «Әдістемелік қоржын» бұл кезеңінде 5 минутта қатысушы инновациялық тәжірибені оқу-әдістемелік тұрғыда қолдануын көрсете білуі керек. «Тек сабақ қана емес» кезеңі бойынша 8 минутта өзі дайындаған сыныптан тыс іс-шара- сынып сағаты, дискуссия, ойын, жоба құру т.б. көрсету міндеттелді. Бұл кезең талабы іс-шараны өткізуші педагог тақырып бойынша құзыреттілігі мен эрудициясын танытуы тиіс. 3 кезеңде «Импровизациялық тапсырма» бұл тапсырмада қатысушы 3 минут ішінде белгілі аудиторияның алдында берілген тақырып бойынша сөйлеу шеберлігін танытуы қажет болды. Соңғы «Кәсіби құзыретті мұғалім» кезеңінде 15 минуттық сабақ көрсетіп, 5 минутта қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Берілген сабаққа қойылатын талаптар- тақырыптың ашылуы және қолданылған әдістемелік тәсілдердің ерекшелігі, оқушылардың іс-әрекетінің белсенділігі мен оқу мотивациясының жоғары деңгейін тудыру және тұрақтандыру, оқушылардың түрлі білім көздерін пайдалана білуіне мұғалімнің ықпалы, оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана білуі, өз сабағына терең және нақты талдау жасауы және кері байланыс орнату.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив